Драма, телестудия өнері, жас тілші, робототехника, қылқалам және қолөнер шебері, шахмат пен домбыра. Бұл үйірмелердің бәрі Қазақстанда шалғайдағы мектептердің бірінен табылады. Шәкірттің жан-жақты, яғни сапалы білімімен шығармашылық дарынын қатар алып жүрген үлгілі білім ошағы фотосуретші көзімен. Елордада «Ауыл мектебі» көшпелі көрмесі ашылды. Онда заманауи үлгіде жабдықталған өңірдегі білім ұясының жаңа технологияларды игеруі, бәсекеге ұмтылысы мен зияткерлік әлеуеті сипатталады. Астанадан соң көрме Түркістан мен Алматы қалаларына аттанады.
Руслан Сайлаубаев, Ә. Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінің
директоры:
- Біздің мектептің таңдалған негізгі себебі, мен ойлаймын, өткен бір жыл ішінде мектеп-лицейде біз түрлі үйірмелер ашқан болатынбыз. Осы үйірмелерге қатысатын оқушыларымыз бүгінгі таңда облыстық деңгейде және республикалық деңгейде робототехника байқауында және ғылыми жобалар байқауларында жүлдегер атанып үлгерді.
Тоғжан Құрманжанқызы, жоба кураторы:
- Бұл жұмыстар креативті хабта 20 күн тұрады. Көрсе болады, кіру тегін. Әлеуметтік желілерде жарияланады. Көрмедегі оқиғалар жайлы бөлек-бөлек жариялайтын боламыз. Себебі көрмедегі суреттерде кейіпкерлердің мектеп үшін мамандығын өзгерткен кісілердің бар екенін айтқымыз келеді. Көрмеде қойылған балалардың ішінен үлкен болашақ ғалымдар бар екенін айтқымыз келеді. Шалғайда жатса да ғылыми тақырыптарда айналысатын оқушылардың барын көпшілікке насихаттағымыз келеді.
Жеңіс Ермұқанов