Қазақстандық агроөнімдердің экспорты үштен бірге өсті

Қазақстандық агроөнімдердің экспорты үштен бірге өсті

Қазақстан агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнім көлемін 70 пайызға дейін арттыруға ниетті. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірінші жартыжылдықта еліміздегі азық-түлік өндірісі 15 пайызға жуық өскенін баяндады. Сонымен қатар экспорт көлемі мен шетелге шығарылатын өнім түрлері де көбейіп келеді. Биылғы қаңтар-сәуір айларында АӨК өнімдерінің экспорты 3 миллиард долларды құрады, бұл былтырғы сәйкес кезең көрсеткішімен салыстырғанда үштен бір бөлікке артық. 2026 жыл соңына қарай экспорт көлемін 7 миллиард 200 млн долларға дейін, ал жалпы өнім көлемін 6 пайызға жуық ұлғайту жоспарланған. Саладағы негізгі капиталға 2 триллион теңгеден астам инвестиция салынбақ. Кездесу соңында Президент ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, қосылған құны жоғары өндірісті жандандыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Айдарбек Сапаров ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:


- Мемлекеттік басшысының қолдауы арқасында салаға бұрын-сонды болмаған көлемінде қаржы бөлініп, мемлекеттік қолдау тетіктері айтарлықтай кеңейтілді. Сонымен қатар «Даму» қоры арқылы несиелерге кепілдік беру тетігі іске қосылды. Сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы айналым қаражатын толықтыруға арналған қаржыландыру тетігі де іске асырылуда. Соның нәтижесінде егін шаруашылығында тұрақты өсім қалыптасып, рекердық нәтижелерге қол жеткіздік. Президент Президент тапсырмасына сәйкес, мал шаруашылығын дамытуда ерекше басымдық беріліп отыр. Осы бағытта кешенді жоспар қабылданды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?