Мемлекет басшысы қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жанат Элиманов ведомства қызметінің негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттерді таныстырды. Осылайша, Агенттік бірқатар жалған компанияны әшкерелеп, табыстарын жылыстатқан 20 заңсыз криптобиржа қызметін тоқтатқан. Сондай-ақ, ТМД аумағындағы 20 Darknet алаңымен жұмыс істеген ең ірі криптосервис жойылды. Бұған қоса Агенттік 175 млрд теңгеге бюджет пен мемлекеттік субсидия шығындарының алдын алды. Президент азаматтардың қаржылық мүдделерін қорғауды күшейтуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

