Қазақстан педагогтер еңбегін бағалау бойынша әлемде
екінші орын иеленеді. Мұны Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының TALIS-2024
білім беру мен оқытуды халықаралық зерттеуі анықтаған. Оқу-ағарту министрлігі мұндай
көрсеткіш білім беру жүйесіндегі оң өзгерістерді айғақтап, Мемлекет басшысы
ұсынған реформалардың, «Педагог мәртебесі туралы» заңның оң нәтижесін көрсетеді
деп отыр. Министрлік жасанды интелектің мүмкіндігін орынды пайдалану
мәдениетіне, сондай-ақ академиялық әділдік принциптеріне баса назар аударған.
Айта кетелік, TALIS зерттеуі білім беру ортасын, ұстаздардың еңбек шартын,
кәсіби өсу мүмкіндігін, педагогикалық тәжірибе мен кәсіби ұстанымдарды
бағалайды. Сауалнамаға Қазақстаннан 7 мыңнан астам педагог пен 370-ке жуық
мектеп директорлары қатысқан.

