Қазақстанда 2025-ші жылы 11 шетелдік университеттің филиалы ашылады

Қазақстанда 2025-ші жылы 11 шетелдік университеттің филиалы ашылады

Түркістанда корейлік «Woosong» университетінің филиалы ашылады. 70 жылдық тарихы бар кәрістік жоғарғы оқу орнының жергілікті өкілдігінде ІТ, өндіріс және ауыл шаруашылығына қажетті техникалық мамандарды даярлау жоспарлануда. Қазір құрылысшылар ғимараттың құрылысына қызу кіріскен. Оқу орны мамыр айында тапсырылып, қыркүйекте өз жұмысын бастамақ. Мамандар бұл әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында шекара аспай-ақ, қос дипломды бағдарламамен оқуға мүмкіндік берумен қатар, экономикалық жағынан да тиімді екенін алға тартады.  

Олжас Беркінбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі: 

- Жоғарғы білім саласы ел экономикасына өте үлкен инвестиция. Қарапайым ғана статистикамен айтсақ, шетелден 1000 адам оқуға келсе, 1300 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Сондықтан бұны болашақтың инвестициясы және елдің қазынасына түсетін қаражаттың қосымша көзі ретінде қарастыруға болады. 

Айта кету керек, шетел унивеситеттерінің филиалдары биыл студенттерге 2000-нан астам грант ұсынып отыр. Қазақстанда биыл тағы 11 шетелдік жетекші жоғарғы оқу орнынның өкілдігі ашылмақ. Олардың арасында әйгілі Оксфорд та бар. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?