DeepTech Bäige байқауында үздік AI-стартаптар анықталды

DeepTech Bäige байқауында үздік AI-стартаптар анықталды

Қазақстандық өнертапқыштар жаңа буындағы ұшқышсыз ұшу аппаратын таныстырды. Дрон жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған. Ол ұшу тапсырмаларын өз бетінше орындауға, айналасындағы жағдайды талдауға және жылдам шешім қабылдауға қабілетті. Жаңа құрылғыны жер аумақтарын мониторингілеу, автономды навигация және робототехника саласында пайдалану жоспарланған. Аталған жоба DeepTech Bäige байқауында бірінші орын иеленді. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен стартаптар келген. Қатысушылар медицина, энергетика, агро және цифрлық технологиялар салаларындағы шешімдер ұсынды.


Абзал Дәрібаев Astana Business Campus инновациялар жөніндегі басқарушы директоры:

- Іс-шара шағын көлемді жобаларды қолдауға бағытталған. Біз 200 жобаның ішінен үздік 10-ын таңдадық. Қолдауымыз мұнымен шектелмейді. Біз осы үздік жобаларды одан әрі жетілдіруге көмектесеміз. Бұл байқау олар үшін серпінді дамудың бастауы болмақ. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?