Қазақстандық оқушылар робот-көмекші ойлап тапты

Қазақстандық оқушылар робот-көмекші ойлап тапты

Бұл роботтың аты – «Одиссей». Атауы даналық пен білімнің нышаны көне грек батырының есімімен байланысты. Ақылды машина түрлі сұраққа жауап беріп, викториналар ұйымдастырады. Сондай-ақ құлтемір өздігінен қимыл жасап, сыныптағы оқушылардың санын да есептейді. Өнертабыс авторлары мұндай көмекші мұғалімнің сенімді серігіне айналатынын алға тартады. Бұл робот елордалық мектептердің бірінде құрастырылған. Жақында ол тіпті екі тілде сөйлейтін болады. Болашақта мұндай роботтарды әр сыныпқа орнату көзделіп отыр.

Дастан Сатуов, Робототехника пәнінің мұғалімі:

- Робот оқушылардың артық қимылын анықтай алады. Әр білім алушыға жеке индекс беріледі. Соның көмегімен ол кімнің не істеп отырғанын, бала артқа бұрылды ма, не телефоннан көшіріп отыр ма – бәрін тіркеп, мұғалімге хабарлап отырады. Біз бұл роботты толық жетілдіріп, кейін басқа сыныптарға да қоюды жоспарлап отырмыз.

Ал атыраулық оқушы қашықтан оқытуға арналған смарт-робот ойлап тапты. Бекарыс Ерікұлының құрылғысы бейнесабақ өткізіп, оқу материалдарымен таныстырады. Тіпті бұйрық бергеніңе қарай қозғала да алады. Құрылымы қарапайым және қолдануға ыңғайлы. Ақылды көмекші Bluetooth арқылы смартфонмен басқарылады. Wi-Fi-дың көмегімен бейнебайланысқа шығады. Оқушы өнертабысы тек мектептерге ғана емес, ауруханалар мен мемлекеттік мекемелер және  қызмет көрсету орталықтарына да қажет деп санайды. Ендігі мақсаты – еңбегін жасанды интеллектпен жабдықтап, толық автоматтандыру.

Бекарыс Ерікұлы, Жоба авторы:

- Роботым 5 жылдан 10 жылға дейін жұмыс істейді. Менде арнайы сайт бар. Сол арқылы дәрігер немесе басқа да кез келген маман роботтың көмегімен қашықтан жұмыс істеп, клиенттерімен байланыса алады. Ал оқушылар мен мұғалімдер үшін бұл – онлайн сабақ өткізу мен байланыста болудың таптырмас тәсілі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?