Орталық Азия елдері жастардың экологиялық білімін арттыруға ниетті

Орталық Азия елдері жастардың экологиялық білімін арттыруға ниетті

Орталық Азия елдері жас буынның экологиялық білімін арттыруға ниетті. Осы мақсатпен өңірдегі оқу орындарында эко-сабақтар енгізілмек. Алғашқы қадам «Жасыл мектеп» платформасын іске қосу болады. Қазақстанның бұл бастамасы сәуір айында Астанадағы өңірлік экологиялық саммитте қолдау табады деп күтілуде. Орталық Азия елдерінің салалық министрліктері, халықаралық ұйымдар және сарапшылардың қатысуымен оқу бағдарламасын әзірлеу барысы талқыланды. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, мектеп арқылы табиғатқа жауапкершілікті қалыптастыруға болады.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Бұл түсінік әрбір жас адамның көкейінде болуы тиіс, өйткені бұл адамдар ертең экономиканың түрлі салаларына, өндіріске барады. Оның ішінде мұнай-газ секторы да бар, біз бүгін бұл саланың табиғатты ластау ықпалы туралы айттық. Бұл энергетиканы да қамтиды. Бүгінде қалдықтарды азайту мақсатында экономиканың, өндірістің түрлі салалары техникалық жаңа шешімдерді қажет етеді.

Рашед Мустафа, Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі:

- Орталық Азия республикаларында 13 миллион жас климаттық өзгерістерден жапа шегуі мүмкін. Бұл әртүрлі қауіптерді қамтиды. Бұл су жетіспеушілігі, лас ауа, қуаңшылық, ауа райының өзгерістері және тағы басқасы. Егер климаттың өзгеруін ескеріп, оған тосқауыл қоя білсек, бұл құбылыстардың барлығының алдын алуға болады.

Айта кетейік, Өңірлік экологиялық саммит Орталық Азия елдерінен келген мың жарым ресми делегатты қамтиды. Олар ең өткір және өзекті мәселелерді, соның ішінде Аралды қалпына келтіру, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі мәселелерін талқылайды. Іс-шараның ажырамас бөлігі халықаралық жасыл технологиялар көрмесі болмақ. Оны 20 мыңнан астам адам тамашалайды, қазірдің өзінде 300 компания қатысатынын растады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?