Түрікменстан Нидерландыда Ахалтеке жылқыларының әлем чемпионатын өткізеді

Түрікменстан Нидерландыда Ахалтеке жылқыларының әлем чемпионатын өткізеді

Түркіменстан ахалтеке жылқыларының әлем чемпионатын өткізуге қамданып жатыр. Аты аңызға айналған асыл тұқымды аттардың байқауы 4-6 қыркүйек аралығында Нидерландыда өтеді. Халықаралық дода Ахалтеке тұқымының ең үздік деген төлдері мен атбегілерін жияды. Іс-шара аясында бабы мен ең мінсіз әрі әдемі өкілдері сыналатын спорттық жарыстар ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, түркімен мәдениеті мен дәстүріне арналған көрме өтеді. Галкыныш ұлттық ат ойындары тобы мен мемлекеттік цирк өнер көрсетеді. Ұйымдастырушылар  бұл ауқымды жиын бірегей ахалтеке тұқымын жаһандық деңгейде дәріптеуді, жылқы шаруашылығындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды және шетелдіктерді Түркіменстанның бай тарихи-мәдени мұрасымен таныстыруды көздейді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?