Қазақстан мен Еуропа одағы ынтымақтастықты арттырады

Қазақстан мен Еуропа одағы ынтымақтастықты арттырады

Еуропалық комиссия мен Қазақстан арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі келісімді бекіту үдерісі басталды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калластың Алматыдағы кездесуінде мәлім болды. Мемлекет басшысы бұл қадам еуропалық елдермен жеке және іскерлік қатынастарды нығайтуға мол мүмкіндік беретінін айтты. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кая Каллас халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар жөнінде пікір алмасты. Президент Қазақстан барлық өзекті халықаралық мәселелер мен қақтығыстарды дипломатиялық келіссөздер арқылы шешуді берік ұстанатынын айтты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?