Қазақстанның жаңа министрлігі жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытады

Қазақстанның жаңа министрлігі жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытады

Қазақстанның цифрлық даму министрлігінің базасында жаңадан жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Бұдан былай алғашқы ведомстваның инновациялық қызмет жөніндегі өкілеттіктері Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілді. Қос құрылым таратылған министрліктің құқықтық мұрагері болды. Жаңа министрліктің атқаратын жұмысын оның жетекшісі Жаслан Мәдиев біздің арнамызға берген сұхбатында жіктеп берді.

Жаслан Мәдиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:

- Біз институционалдық базаны әзірлеу, қажетті инфрақұрылым құру, сондай-ақ адами капиталды дамыту сияқты бағыттарға назар аударамыз. Қазіргі таңда GPU-суперкомпьютерлік кластерлерді құрып жатырмыз. Себебі инфрақұрылым жасанды интеллект өнімдерін әзірлеу үшін маңызды рөл атқарады. Ол модельдерді оқыту, инференс жүргізу және AI-агенттерді әзірлеу үшін қажет. Бұндай ақылды көмекшілердің арқасында мемлекеттік басқарудағы өнімділік артады. Осы бағытта біз кешенді жұмыс бастадық. Қазақстандық LLM үлкен тілдік үлгілерді әзірлеу де басым бағыттардың бірі. Бұл сандық егемендік тұрғысынан маңызды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?