Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам. Мемлекет басшысы бұл ізгілік пен қайырымдылық бастамаларды ілгерілетуге ықпал ететін барлық мұсылмандар ерекше қастерлейтін мереке екенін атап өтті.
Президент Ата дініміздің ұлағаты біздің салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасып жатқанын да тілге тиек етті. Халқымыз қашан да қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын беріп, көмегін аямаған. Әсіресе, ол көктемдегі алапат тасқын кезінде айқын көрінді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әзірет Сұлтан мешітінде болды. Мешітте Құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.