Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 20 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, олар жеті жарым млрд теңгенің біржолғы төлемін алды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен азаматтарға табиғи апат келдірген залалды өтеу іс-шаралары министрлер кабинетінің жіті бақылауында. 130 отбасыға я ескі тұрғын үйлердің орнына жаңа баспаналардың кілті берілді. Сонымен қатар Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан өңірлерінде 239 жаңа үй салынып жатыр.
Бұдан бөлек қызыл судың залалы тиген бірқатар жанұя 710 млн теңгеден астам сомаға тұрғынжайларын жөндеу және қалпына келтіруге өтемақы алды.
Жалпы төтенше жағдай орын алған өңірлерде 10 мыңға тарта үй тексеріліп, жеті жарым мың нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді. Қазір залалды өтеу жұмыстары жалғасуда.