Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Парламентінің төрағасы Ален Симонянмен кездесті. Қазақстан Президенті тараптардың заң шығару органдары деңгейіндегі белсенді ықпалдастыққа көңілі толатынын жеткізді.
Өз кезегінде Ален Симонян Армения мен Қазақстан арасындағы өзара ынтымақтастық деңгейі жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Республикасының Президенті Ваагн Хачатурянмен кездесу өткізді. Қазақстан Президенті Арменияға алғашқы ресми сапарына ерекше мән беретінін атап өтті. Кездесудің басты қорытындысы қазақ-армян қатынастарын жан-жақты нығайтуға қатысты өзара ұмтылысты растау болды.
Армения Президенті Қазақстан көшбасшысының Ереванға тарихи сапарын атап өтіп, оның екі ел арасындағы байланыстарды нығайту үшін берік іргетас қалыптастыратынын, мемлекетаралық қатынастарды жаңа деңгейге көтеретінін жеткізді.