Қазақстанда Тәуелсіздік күні атап өтілді

Қазақстанда Тәуелсіздік күні атап өтілді

Қазақстанда Тәуелсіздік күні атап өтілді. 33 жыл бұрын - 1991 жылдың 16 желтоқсанында тиісті Конституциялық заңы қабылданды. Онда ел тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды. Тәуелсіз Қазақстанды алғашқылардың бірі болып Түркия, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция және басқа да мемлекеттер мойындады. Айта кетейік, 16 желтоқсан – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды айтулы датамен құттықтады. Мемлекет басшысы Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы екенін еске салды. Президент береке-бірлігімізді, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтай отырып, барлық сын-қатерлерді еңсеріп, Тәуелсіз еліміз өркениетті, озық мемлекет ретінде дами беретініне сенімді.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?