Астанада Түркі академиясының 15 жылдығы аталып өтілді

Астанада Түркі академиясының 15 жылдығы аталып өтілді

«Түркі елдерінің тарихы» академиялық монографиясы жазылады. Қазргі таңда бауырлас ел  ғалымдары өткенді саралап, ортақ тарихты түгендеуге кіріскен. Бұл жөнінде Астанада халықаралық Түркі академиясының 15 жылдығына арналған іс-шарада айтылды. Еске сала кетейік, 2009 жылы Нахчыванда Түркі мемлекеттері саммитінде Қазақстан Түркі жұртына ортақ зерттеу жүргізетін ұйым құруды ұсынып, 2010 жылы Түркі академиясының іргетасы қаланған. Бүгінде құрылым түркі кеңістігіндегі бірегей ғылыми мекемеге айналды. Академия жанынан тарих, археология, этнография, әдебиет, тіл білімі, терминология, өнер бағыттары бойынша іргелі жобалар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, экономикалық бағыттағы зерттеулерге басымдық берілген. Мәселен, биыл ауыл шаруашылық әріптестігі зерттелмек. Бұған дейін өңірдегі өзен-су мәселелері, азық-түлік қауіпсіздігі  бойынша ғылыми талдау жасалған.

Шаһин Мұстафаев, Түркі академиясының президенті:

- Бұған қажетті ғылыми инфрақұрлым қалыптастыру - Түркі академиясы міндеттерінің бірі. Осы мақсатта соңғы 2-3 жыл бойы аумақтық түркі мемлекеттері экономикасы бойынша зерттеу жүргізіп, тиісті репорттар жариялап келеміз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?