Қазақстан өңірлік экологиялық саммитті қабылдайды

Қазақстан өңірлік экологиялық саммитті қабылдайды

Қазақстан өңірлік экологиялық саммитке дайындалуда. Жиын биыл 22-24 сәуір аралығында Астанада өтеді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчамен саммитке дайындықты талқылады. Траптар бірлескен іс-шаралар мен ұсыныстар әзірлеу мәселелерін пысықтауға келісті. Сондай-ақ, Қазақстан Президентінің су саласындағы халықаралық бастамаларын іске асырудағы ынтымақтастық әлеуеті сөз болды. Еске салайық Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынып, Орталық Азияның су пайдалану жөніндегі негіздемелік конвенциясын әзірлеу сынды бірқатар жаһандық бастама көтерген болатын. 

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су және ирригация министрі:

- Қазіргі уақытта Қазақстан бірқатар халықаралық бастамаларды алға тартып отыр. Соның бірі - Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында су мәселелерін зерттейтін орталық құру. Бұл орталық инженерлік шешімдерді әзірлеу, технология алмасу және кадр даярлау бағытында нақты жұмыс тетігі ретінде қызмет етеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?