Солтүстік Қазақстан облысында ІТ-орталықтар желісі дамытылуда

Солтүстік Қазақстан облысында ІТ-орталықтар желісі дамытылуда

Солтүстік Қазақстан өңірінде креативті IT-орталықтар желісін дамыту ісі қарқын алды. Олардың бірі Тимирязев ауданында өз жұмысын бастады. Бұл аймақта бой түзеген осымен 7-ші нысан. Жалпы биыл өлкенің барлық 13 ауданында осындай заманауи орталықтар ашу көзделіп отыр. Олар Digital Aimaq жобасы шеңберінде іске асырылуда. Мұнда жастарға тіпті еңкейген қарияға дейін цифрлық әлемнің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндігі бар. Орталықтағы кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Келушілер электрондық қызметтерге қол жеткізіп ойын нақты іске асыра алады. Сандық тұрғыдағы тың бастаманың бірін Данил Степаненко әзірледі. Оның Sabaq атты өнертабысы онлайн-курстарды, тәлімгерлерді және жобалық қызметті біріктіреді.

Данил Степаненко, Оқушы, Sabaq платформасын әзірлеуші:

- Қазірдің өзінде бұл қосымшаны Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100-ден астам оқушы пайдаланып үлгерді. IT-орталық біздің әзірлемені пысықтап, одан әрі жетілдіруге септеседі. Жалпы бұл жерде жігерлі жастар сандық сауатын ашып, тіпті қоғамға қажетті және пайдалы өнертабыстар жасап шығаратынына сенімдімін. Ол үшін бар жағдайлар жасалған.

IT-орталық бірнеше тәжірибелік аймақты қамтиды. Оқушылар бағдарламалауда алғашқы қадамдарды жасайтын білім беру, сондай-ақ бірлескен технологиялық шешімдерді әзірлеу және іске асыру үшін коворкинг орындары қарастырылған. Ал гейм аймағы облыстың барлық 13 ауданы арасында бірыңғай сандық желі құруға бағытталған. Солтүстік Қазақстан облысында ІТ-орталықтарын іске қосу тәжірибесі ел бойынша кең етек жаяды деп күтілуде. Бұндай жобалардың берері мол. Ең алдымен шалғайда жатқан ауылдық жерлерде цифрлық инфроқұрылым құрылып, біріңғай сандық экожүйе қалыптасады.

Ерлан Жаров, СҚО Тимирязев ауданының әкімі:

- Айти орталық біздің ауданның ілгері жылжуына жол ашады. Әсіресе цифрландыру мен жасанды интеллект саласында. Мұнда 3D-принтер, әртүрлі сканерлер, жоғары қуатты компьютерлер бар. Сонымен қатар IT-орталық жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілген. Мұнда жастармен қатар аға буын өкілдері де келіп сандық сауатын аша алады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?