Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтында жаңа оқу бағдарламалары енгізіледі

Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтында жаңа оқу бағдарламалары енгізіледі

Қазақстанда жел мен күн сәулесі арқылы «жасыл» сутегі өндірісі іске қосылмақ. Ол үшін Ақтаудағы Қазақ-Неміс тұрақты инженерия институтында өндірісті терең оқытатын магистратура және докторантура ашылады. Алдағы екі жылда энергетика және логистика бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары әзірленеді. Оның әлеуетін талқылау үшін елімізге Германия университеттерінің ғалымдары келді. Олар жергілікті мамандармен осы бағытта бір апта бойы пікір алмасады.

Ханс-Людгер Динел, Берлин техника университетінің профессоры:

- Негізгі мақсатымыз энергетиканы тұрақты дамытуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған магистратура, докторантура бойынша білім беру бағдарламасын құру. Сондай-ақ, теңіз инфрақұрылымын және теңіз операцияларын басқаруды зерттеу жөніндегі мегажобаны талқылау. Басқа ғалымдармен бірге Каспий маңы өңірінің экологиялық тұрақтылығын арттыру үшін, мұнайдың төгілуін болдырмайтын шараларды ортаға саламыз. Бірлескен жұмыс елдер арасындағы академиялық әлеуетті нығайтуға ықпал ететін ғылыми жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?