Елордада KitapTime 2024 жалпы республикалық
фестивалі өтті. Осымен үшінші
рет ұйымдастырылған шарада жаңа жобалар
таныстырылып, «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы ұйымдастырылды.
Кітапхана ұжымы уақыт үнемдеу үшін қолға алынған «QR ӘДЕБИЕТ» жобасын да
таныстырды. Ерекшелігі сол – кез келген
жерде QR кодты сканерлеу арқылы қалаған кітабыңызды оқи аласыз. Әрі жүктеп алуға да болады.
Ғазиза
Нұрғалиева, ҚР Ұлттық
академиялық кітапханасының директоры:
- Жақында ғана Президенттің
Ұлттық
құрылтайда айтқаны: жалпы кітапхана емес, қоғам болып кітап оқу мәдениетін
қалыптастыру және кітаптың қолжетімділігі. Осы «QR ӘДЕБИЕТ» деген үлкен
республикалық жоба. Қазір 9 бағытта. Кез келген жерде QR қойып, осы жобаны іске асыруға
болады.
Фестивальде Ұлттық кітапхана мен
белгілі әуе компаниясы меморандумға қол қойды. Енді жолаушылар ұшақта отырып аудиокітаптар тыңдай алады.
Әзірге әдебиетіміздің 25 нұсқасы ұсынылған. Аудиошығармалар тізімі алдағы
уақытта толыға түседі.