Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы өз сөзінде инновациялар мен жоғары технологиялардың стратегиялық маңызы бар екеніне назар аударды. Түрлі мемлекеттер арасында технологиясы дамыған озық ел болу үшін күрес жүріп жатыр. Орталық Азиядағы бәсекелестік те күшеюде, - деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін барынша кәдеге жаратуға шақырды. Жалпы соңғы жылдары ұлттық ғылымды дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. 2020 жылдан бері білім-ғылым саласына салынған инвестиция бес есе өсті. Зерттеу университеттері көбеюде, олардың өндіріспен байланысы нығайып келеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазір
300-ге жуық коммерциялық жоба қолға алынды. Осылайша, «Университет – зерттеу –
инновация – коммерция» кешенді жүйесі орнығып жатыр. Бұл үрдіске күшті серпін
беріп, оны таяу арада толығымен енгізу керек. Әлемнің 40 беделді жоғары оқу
орнымен серіктестік орнаттық. Бүгінде елімізде 33 филиал ашылды. Технология
парктері және инжиниринг орталықтары құрылуда. Ұлттық Ғылым академиясының
беделі нығая түсетін болды. Әр аймақта Ғылым жөніндегі кеңестер жұмысқа
кірісті. Ғалымдардың мүддесін қорғауға баса мән беріп отырмыз. «Ғылым және
технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылданды, ғылымды басқарудың жаңа
құқықтық негізі қаланды.

