Солтүстік Қазақстан облысында 893 млрд теңгенің инвестициялық жобалары жүзеге асырылады

Солтүстік Қазақстан облысында 893 млрд теңгенің инвестициялық жобалары жүзеге асырылады

СҚО-да жалпы сомасы 893 миллиард теңгені құрайтын 52 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Өңір елімізде сүт өндірісі бойынша алғашқы үштікке кіреді, соның ішінде сүт өндіру кешендерінің саны жағынан көш бастап тұр. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді. Мемлекет басшысына майлы және жем-шөп дақылдарының егістік көлемі ұлғайғаны туралы баяндалды. Су үнемдеу технологиялары белсенді енгізіліп жатыр. «Кең Дала 2» бағдарламасы аясында шаруаларға 97 миллиард теңге бөлінген. Биыл мемлекеттік қолдау ауқымы былтырғымен салыстырғанда 24 пайызға артқан.

Ғауез Нұрмұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Өңір тұрақты дамып келеді. Инвестиция тартылуда. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте маңызды жобалар іске асуда. Инфрақұрылымда жақсарып келеді. Жолдар жөнделуде. Әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлінуде. Петропавлда жаңа жайлы мектеп ашылады. Білім насындарымен ауруханалар күрделі жөндеуден өтуде. Халықаралық деңгейдегі спорт нысаны салынуда. Мемлекет басшысы облысты дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұл бағыта жұмыс жалғасады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?