Қазақстанда 2030
жылға дейін барлық халықаралық көлік дәліздері модернизацияланады. 2029 жылы 8
мың шақырым тас жолдарда реконструкция жүргізілу жоспарлануда. Биыл
құрылыс-монтаж жұмыстары 10 мың 700 шақырым жолда жүргізіліп жатыр. Қарқын
алдағы жылы да сақталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік Министрі
мәлімдеді. Марат Қарабаевтың айтуынша, бүкіл автокөлік жолдары саласында
реформа жасау қолға алынды. Жыл соңына дейін барлық жобаларда ФИДИК
стандарттары енгізіліп, оның барлық ережелерінің сақталынуы қадағаланады. Одан
бөлек, келесі жылдан бастап, аса маңызды жобалардың құрылысы басталады. Олардың
ұзындығы 4700 шақырым. Ол үшін іштен де, шетелден де қаражат тартылуда. Жалпы,
ведомство басшысының айтуынша, елдегі барлық жолдарға қызмет көрсету үшін 60 млрд
теңге қаржыландыру керек. Осы мақсатта, республикалық бюджетке салмақты азайту
үшін бүкіл мемлекет аумағында ақылы жолдар учаскелері сатылай пайдалануға
берілуде.
Марат Қарабаев , ҚР
Көлік министрі:
-Қазіргі таңда 3 мың
200 шақырымда ақылы жүйе енгізілген. 11 айдың қорытындысы бойынша 26 млрд. 500
млн. теңге қаражат түсті. Келесі жылы қосымша 1 мың 200 шақырымға ақылы жүйе
енгізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы, 2029 жылға дейін реконструкциялау
жұмыстарының аяқталуына қарай, мұндай жолдардың көлемі 11 мың шақырымға
жеткізілетін болады. Бұл ретте, Қазақстандағы ақылы жолдар тарифтері, жақын
және алыс шет елдермен салыстырғанда ең төмен екенін айта кеткен жөн.