Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Президент Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздікке жол ашқанын атап өтті. Сондықтан бұл құжаттың тарихи маңызы зор. Сондай-ақ, ол биылдан бастап ұлттық мереке мәртебесін алған Республика күні жаңа мазмұнда тойланатынын айтты. Бұл бастама қоғамда кең қолдау тауып, игі дәстүрге айналады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.