Қазақстанға ресми сапармен Франция президенті Эмманюэль Макрон келді. Мәртебелі мейманды елорда әуежайында ел Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Естеріңізге сала кетейік, бүгін екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды