Алдағы бес жылда халықтың 100% таза ауызсумен қамтамасыз етіледі

Алдағы бес жылда халықтың 100% таза ауызсумен қамтамасыз етіледі

Қазақстанда ластанған 10 қала газға немесе баламалы қуат көздеріне көшіріледі. Себебі еліміздегі экология мәселесі басты назарда болуы тиіс. Бұл туралы Тоқаев өзінің жолдауында айтты.

Одан қалды суды үнемдеу мәселесі де қозғалды.

«БҰҰ алдағы 10 жылдың ішінде жаһандық деңгейде су ресурсының тапшылығы болады деп болжам жасап отыр. 2030 жылға қарай су тапшылығының көлемі 40% жетуі мүмкін. Сондықтан жаңа технологиялармен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керек. Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ. Бұл – аса маңызды міндет. Үкімет су пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу жұмысын ынталандыру үшін нақты шешімдер әзірлеуі тиіс», – деді Тоқаев.

Алдағы бес жылда халық 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

«Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында 5 жыл ішінде халықтың 100% таза ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырамын! Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндет», – деді ол.