Smart Cargo: шекарадан өту уақыты 30 минутқа қысқарады

Smart Cargo: шекарадан өту уақыты 30 минутқа қысқарады

Smart Cargo цифрлық платформасының арқасында жүк көліктерін шекарадан өткізу 30 минутқа дейін қысқарады. Салалық министрліктің мәлімдеуінше, қазір жүк тасымалын рәсімдеу толық автоматтандырылған. Жаңа жүйе QR-код арқылы жүк деректеріне бірден қол жеткізіп, құжаттарды автоматты түрде тексереді. Жалпы, елімізде барлық көлік түрін біріктіретін бірыңғай «е-Көлік» жүйесі бар. Бұл көлік ағындарын тиімді басқаруға және еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Нұрлан Сауранбаев, ҚР Көлік министрі:

- Бірыңғай интеллектуалды көлік жүйесі е-Көлік қалыптасуда. Платформа QazTech базасында құрыл ды және барлық көлік түрлерін біріктіреді. Бұл деректерді жинауға, өңдеуге, көлік ағындарын болжауға және шешімдерді автоматты түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Әлемдік бағалау бойынша көлік саласы деректердің ең ірі генераторларының бірі.

Қазақстанда АӨК АІ-шешімдері енгізілуде

Еліміздің АӨК де нақты уақыт режимінде бақыланады. «Қазақстанның астық консорциумы» барлық өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық жүйесіне көшіп, деректерді жаңартуды жолға қойды. Жаңа жүйе NDVI халықаралық спутнигімен егістіктен бастап орақ науқанына дейінгі бар үрдісті жасанды интеллект арқылы талдайды. Бұл өнім сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Интеллектуалды басқару құралы шығындарды азайтып, тиімділікті еселеген. Қазір Үкімет агросектордағы барлық ақпаратты бір жерге жинайтын «е-АӨК» ұлттық платформасын әзірлеп жатыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?