Астанада дәстүрлі әншілер конкурсы өтті

Астанада дәстүрлі әншілер конкурсы өтті

Елордада қазақтың әйгілі халық ақыны, жырау, сал-серілік дәстүрдің соңы, әнші және композитор – Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына орай республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Тұңғыш рет ұйымдастырылған  шараға еліміздің түкпір-түкпірінен өнер саласындағы оқу ордаларының дарынды студенттері жиналды. Іс-шара аясында оркестрмен өнер иесінің атақты «Көкшолақ», «Шырқа, даусым», «Туған жер» атты әндері мен бірқатар күйлері орындалды. Айта кетейік, ғасырда бір туатын қайраткердің өнеріне арналған байқауда Қазақстан халық әртісі – Қайрат Байбосынов қазылық етті. Оның айтуынша, осы конкурс болашақта дәстүрге айналып, көрерменге жолдама алуы тиіс. Өз кезегінде бұл елімізге жаңа дарындар ашуға және сонымен қатар жастар арасында қазақ халық өнерін дәріптеуге мүмкіндік береді.

Қайрат Байбосынов, Қазақстан халық әртісі:

-Таралуы керек. Үнемі халыққа насихатталуы керек. Бізден кейінгі ұрпақ білеуі керек, халыққа жетуі керек. Өткенімізді үйренбесек, олар ертең кімге үйретеді? Сондықтан, әкеден балаға мирас болып келе жатқан дүниені жалғастыруымыз керек. Жалпы, қазақтың өнері өлмеуі керек, өркендей беруі керек. Біздің мақсат – осы.