Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан жасыл энергетиканы бірлесіп дамытады

Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан жасыл энергетиканы бірлесіп дамытады

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстанмен жасыл энергияны өндіру және беру саласындағы стратегиялық әріптестік орнатады. Мәжіліс тиісті келісімді ратификациялады. Құжат осы бағытта үшжақты ынтымақтастықтың тұрақты моделін қалыптастыруға және жаңартылатын қуат көздері саласындағы ұзақ мерзімді өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған. Жасыл энергияны Еуропаға экспорттау үшін Орталық Азия мен Әзербайжанның энергетикалық жүйелерінің өзара байланысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Осы мақсатта, құны шамамен 1 млн еуроны құрайтын жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу қолға алынды.

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:

- Жобаның негізгі мақсаты - Каспий теңізінің түбіне тұрақты ток кабелін төсеу. Бұл - Еуропалық одақтың электр нарығына тікелей шығуға мүмкіндік беретін техникалық жағынан күрделі, бірақ стратегиялық тұрғыдан қажет шешім.  Жоба іске асырудың белсенді кезеңінде елдердің үш энергетикалық ведомствосының Азия даму банкімен және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен қол қойылған

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?