СҚО-да креативті индустрия орталығы ашылды

СҚО-да креативті индустрия орталығы ашылды

Солтүстік Қазақстан облысында Республика күніне орай креативті индустрия орталығы халық игілігіне тапсырылды. Жаңадан ашылған хабтың мақсаты – заманауи қазақ өнерінің дамуына ықпал ету. Кешенде  35 жасқа дейінгі дарынды жастар өз ұсыныстарын әзірлеп, медиа және диджитал жаңалықтар, контент өндірісі, fashion индустриясы, хореография, кинематография және ақпараттық технологиялардың қыр-сырын меңгереді. Бұдан басқа  шығармашылық кеңістікте шеберлік сыныптарын ТМД елдерінен шақырылған сарапшылар өткізеді.

Айта кетейік, мұндай орталықтарды өңірдің барлық аудандарында ашу жоспарланған.

Темірлан Айтмахамбетов, креативті орталықтың президенті:

– Қазір біз «Ою Лаб» кабинетінде тұрмыз. Мұнда фильм, ойын және коммерциялық мақсатқа қажетті заттардың 3d модельдері жасалынады. 

Нұргүл Болатова, креативті индустрия орталығының бөлім басшысы:

– Бұл орталық жастарға бағытталған. Яғни, хабқа жоғары сынып оқушыларын, студенттерді, өз өнімдері мен қызметтерін жасап, дамып-жетілгісі келетін белсенді ұрпақты тартамыз. Біз тың ойлардың авторлары, айти мамандары мен жергілікті бизністің басын қосамыз. Жастар өздерінің жобаларын таныстырып, олардың жүзеге асуына қаржы тарта алады. 

Жеңіс Ермұқанов.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?