Қазақстанда биыл күзде бірінші дүниежүзілік Инклюзивті білім беру конгрессі өтеді. Ол үкімет, педагогтер, технологиялық компаниялар, сарапшылар мен мамандардың басын қосатын бірегей жаһандық платформа болмақ. Алматыда ұйымдастырылатын іс-шара әлемнің 30 елінен 5 мыңнан астам қатысушыны жинайды деп күтілуде. Онда мамандар сала бойынша үздік тәжірибелерімен бөліседі. Бұл туралы конгрестің аймақтық кезеңінде айтылды. Қазақстанның бас қаласында бастау алған іс-шара енді Көкшетау мен Ташкентте жалғасын табады. Ал оңтүстік шаһарда инклюзивті білім беру саласындағы Алматы декларациясына қол қою көзделген. Сарапшылардың пікірінше, беделді жиынды Қазақстанда өткізу елдің инклюзивті қоғам құруға деген ұмтылысын көрсетеді. Сондай-ақ, білім беру реформалары мен технологиялық инновациялардағы жетістіктерін айқындайды. Қазір еліміздің мектептерінде кедергісіз орта қалыптасқан.
Ермек
Мәжитов, Бірінші дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресінің басшысы:
- Бұл бастама Қазақстанға ұсынылды. Ел Үкіметі ұсынысты бірден қолдады. Яғни, Білім және ғылым министірлігі бастаманы жүзеге асыратынын жеткізді. Ұлттық құрылтайда Президент әрбір облыс орталығында ерекше балаларға арналған орталықтар, білім беру мекемелері салынатынын айтты. Сондай-ақ, жақында инклюзияны қолдау үшін спорт кешені ашылғанын және бұл бағытта Қазақстанда үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Авторы: Жеңіс
Ермұқанов

