Skills Enbek платформасына жаңа тегін 40 білім беру бағдарламасы жүктелді

Skills Enbek платформасына жаңа тегін 40 білім беру бағдарламасы жүктелді

Жыл басынан бері Skills Enbek тұғырнамасында мамандықтар мен құзыреттіліктерге байланысты 44 жаңа курс жүктелген. Олардың қатарында «Сумен қамтамасыз ету және суды шығару желілері мен нысандарын пайдалану», «Қызмет көрсету саласында әкімшілік басқару», «Мүмкіндігі шектеулі жандарға күтім көрсету», «Сыни ойлаудың негіздері» секілді қызықты курстар бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, әр курстың ұзақтығы 36 сағатқа тең. Кез-келген адам онлайн қазақ және орыс тілдерінде оқуына болады. Курсты тәмамдағаны туралы сертификат Enbek.kz жұмыспен қамтамасыз ету порталындағы түйіндемеде автоматты түрде көрінеді. Тіпті, нақты кәсіп түріне байланысты алған білімі мен үйренген әдс-тәсілдеріне дейін жазылмақ. Айта кетсек, бүгінде электронды алаңда түрлі бағыт бойынша 477 курс бар, Оның ішінде 23 – тегін. Ал оларға тіркелген адамдардың саны 380 мыңнан асты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?