Корея-Қытай-Қазақстан-Өзбекстан бағыты бойынша пилоттық пойыз 7 мың
шақырым қашықтықты жүріп өтті. Авто қосалқы бөлшектері тиелген құрам Ляньюньган
портындағы логистикалық терминалда ресми іске қосылды. Отандық теміржол
компаниясы таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл елдер арасында экономикалық
ынтымақтастық үшін жаңа жолдар ашып, бірлескен мультимодальды тасымалдауды
дамытуға серпін бермек. Сондай-ақ, Қазақстанның транзиттік әлеуетін ұлғайтып,
халықаралық жеткізу тізбегіндегі негізгі көлік торабына айналдырады.