Silk Way Star жобасында 8 қатысушы қалды

Silk Way Star жобасында 8 қатысушы қалды

Silk Way Star байқауының кезекті іріктеу кезеңі аяқталды. Бұл музыкалық доданың осымен 8-ші саны. Осы жолы өнерпаздар «Голос», «Евровидение» сияқты халықаралық байқау жеңімпаздарының жұлдызын жаққан әндерді орындады. Әділқазылар малайзиялық Язмин Азиздің өнеріне жоғары баға берді. Тәжікстан елінен келген Фахриддин Хакимов қауіпті аймаққа түсіп, жобадан шығуға шақ қалды. Бірақ Қытай атынан қазылық етіп отырған төреші оны вето қолданып, жобада қалдырды. Айта кетейік, мұндай құқық тек ұйымдастырушы елдер, яғни Қазақстан мен Қытайға ғана берілген.

Хун Бин, Silk Way Star байқауының әділқазы мүшесі:

- Мен, Фахриддиннің дәл осы сынға дайындығын көрдім. Ол өте еңбекқор, бұл кезеңге әуезді де әуенді ән әзірледі. Бүгінгі сахнадағы өнері де әбден көңілімнен шықты. Оның еңбегін бағалап, тағы бір мүмкіндік беруіміз керек деп шештім. Өте дарынды өнерпаз. Сахнада айтқаным шын жүректен шыққан сөз. Финал жақындаған сайын, бір отбасыдай болып кеттік.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?