Астаналықтар түрік асханасының дәмін татты

Астаналықтар түрік асханасының дәмін татты

Анадолыдан Ұлы даланың төріне! Осындай атаумен Астана тұрғындарына ғасырлар бойы мұра болып келе жатқан Осман сарайының ерекше дәмі ұсынылды. Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоғанның бастамасымен халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын бұл іс шара жылда мамырда өтеді. Шарада мәзірді 3 мишлен жұлдызын иеленген шеф-аспаз әзірледі. 9 тағам түрі ұсынылды. Жиналғандар тары мен балмұздақ қосылған қазақы ренңктегі пахлаваның таныстырылымына куә болды. Қазақ-түрік мәдени байланысы жылдан жылға нығайып келеді. Мұның арасында қос ел асханасы көпшіліктің қызығушылығын тудырып, құндылықтарымызды насихаттауда өз септігін тигізуде. Бірлескен жобалар да жүзеге асырылады.

Мұстафа Капуджу, Түркияның Қазақстандағы елшісі:

- Біз алдағы уақытта кәсіпкерлермен бірге қазақ-түрік асханаларының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін танытатын бағдарлама әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Түсірілім жұмыстары Бурабайда өтеді. Осылайша Қазақстанның табиғи сұлулығын да көрсетеміз. Туризм мен гастрономияны біріктіре отырып, мәдени құндылықтарымызды паш етеміз. Әрі бір-бірімізді жақын тани түсеміз.

Жанар Нұғыманова, Шараға қатысушы:

- Отбасылық атмосфера. Маған ерекше ұнады. Осман империясының сүйікті сусына – түрік щербетінен дәм таттық. Ұйымдастырушыларға көп рахмет! Бәрі дәмді болды!

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?