Астанада Президенттік институттың 35 жылдығына арналған көрме ашылды.
Көпшілік назарына ұсынылған бірегей құжаттар, сирек фотосуреттер мен музей,
архив және кітапхана қорындағы бағалы заттар осы кезеңнің тарихынан көп
мағлұмат береді. Экспозицияға Президент Әкімшілігі, Орталық сайлау комиссиясы
ұсынған материалдар, сондай-ақ, Мемлекет басшысына тапсырылған дипломатиялық
сыйлықтар да енгізілген. Тәуелсіздік декларациясы мен егемендік туралы
Конституциялық заң да көрмеге қойылған. Келушілер назарына
жины 100-ден астам экспонат ұсынылады. Шараға дайындық 3 айға созылған.
Президенттік орталықтағы көрме 17 мамырға дейін жалғасады.
Игорь Рогов, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөнiндегi комиссияның
төрағасы:
- Ауқымды көрмеге осы кезеңде қабылданған
құжаттарды көруге болады. Бұл өте маңызды деп ойлаймын. Философтардың сөзімен
айтсақ, тарихын білмейтін елдің болашағы жоқ. Келешегі
бұлыңғыр. Сондықтан
ұйымдастырылып отырған көрме деректі ақпарат тұрғысынан аса маңызды. Көптеген тың мәліметтер алуға боалды. Бұл біз үшін де,
келекшек ұрпақ үшін де қажет.

