Түркменстанның экономикалық жетістіктері Ашхабадта өткен
көрмеде таныстырылды. Ол елдің Тәуелсіздік күніне орайластырылды. Келушілер
назарына энергетика, ауыл шаруашылығы, өңдеу, тоқыма, тамақ өнеркәсібі сияқты экономиканың
негізгі салаларындағы экспонаттар ұсынылды. Мұнай-газ секторының стендіне ерекше
назар аударылды. Онда ресурстарды өндіру мен қайта өңдеудің өсу серпіні
көрсетілген. Сондай-ақ, жаңа технологияларды пайдалану арқылы жасалған өнімдер
де қанат жайды.
Алтымурад Солтанов, кәсіпкер:
– Біздің өнім - негізінен сәндік әрлеу
материалдарынан тұрады. Шамамен 15 түрлі ассортименттен құралған. Ерекшелігі
сол – пайдаланылатын шикізаттың басым бөлігі өзіміздікі. Ол кеніштерден
жеткізіледі. Біз өндірістің еуропалық
технологияларын іске қостық, олар осы бейін бойынша өзін жақсы жағынан танытты.
Тәжірибелі мамандардан үйрендік. Жақында экспортты жолға қоюды жоспарлап
отырмыз.
Түркменстанда тәуелсіздік күніне арналған мерекелік
концерт өтті
Сондай-ақ, Тәуелсіздік күні - ел егемендігінің 34
жылдығына арналған мерекелік концерт өтті. Әуенді де әуезді кеште мәдениет
қайраткерлері мен сахна шеберлері дәстүрлі саз өнерінің жауһарлы туындыларын
орындап, ұлттық биден шашу шашты. Жиналғандар мерекені атап өту – өткенге үңілу
емес, елдің бейбіт дамуы мен өркендеу бағытына деген адалдығының айғағы екенін
атап алға тартады.

