Silk Way Star: жобаға қатысушылар түсірілімге дайындалуда

Silk Way Star: жобаға қатысушылар түсірілімге дайындалуда

Астана Silk way star бірінші азиялық вокалдық байқауының барлық қатысушыларын қарсы алды. Қазақ жеріне ең соңғы малайзиялық орындаушы Ясмин Азиз аяқ басты. Енді әншілер үлкен сахнаға шығуға қамдануда. Жоба түсірілімі 26-шы тамыздан басталады. Дайындық қарқын алып, қыза түсті. Стилистер қатысушыларға арнайы костюмдер әзірлеуде, ал музыканттар өз репертуарын пысықтау үстінде. Әр қойылым тікелей эфирде, жанды дауыста өтеді. Сонымен қатар, қатысушылар сұхбат беріп, сандық контентті жазып, байқау көрермендеріне сахна сыртына эксклюзивті қолжетімділік ашады.

Сабина Заде, Silk Way Star қатысушысы, Әзербайжан:

 

- Қазір біз дайындалып, би қойып жатырмыз. Маған бұл үрдіс қатты ұнады. Silk Way Star – бұл әнші ретінде өсу үшін үлкен мүмкіндік, және ең бастысы, түрлі ел өкілдерімен достасып, олардың мәдениетімен етене танысуға болады.

Сандуғаш Рахымжанова, Silk Way Star байқауының креативті продюсері:

- Әр қатысушы біздің командамен - редакциямен, стилисттермен, би және техникалық топпен, сондай-ақ музыкалық ұжыммен жұмыс істейді. Мысалы, олар бір әр топпен жеке дайындықты бастайды, өйткені бізде барлық әндер тек жанды дауыста орындалады. Біз аса ауқымды шоу жасап, оны көрермендерге паш етуге сақадай сай дайын отырмыз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазылар алқасы мен қатысушыларды ұлттық дәстүрімізден сыр шертетін бірегей мазмұнды мәдени бағдарлама күтіп тұр. Алғашқы шығарылымның тұсаукесері 20 қыркүйекте өтеді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?