Пржевальский жылқылары тарихи отаны – Қазақ даласына оралды. Екі ғасыр бойы жойылып кетті деп саналып келген бұл тұқымның 7 басы арнайы Чехиядан әкелінді. Бұл екі елдің теинтродукция, яғни, Пржевальский жылқысын жабайы табиғатқа шығару бойынша жобасы. Арғымақтар алдымен Қостанай облысына жеткізілді. Оларды, арнайы әскери-транспорттық ұшақпен алып келді. Бүгінде олар жергілікті климаттық жағдайларға үйренісіп жатыр. Барлығы халықаралық келісім бойынша Қазақстанға 40 жуық жылқы алынады. Мамандар олардың тарихи отанында тұқымын таратуды жоспарлап отыр.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
- Жалпы осы кертарғы келгеннен кейін үлкен бір бағдарлама жасап, мынау жергілікті атқарушы органдармен, Туризм министрлігімен барлығымыз ары қарай домалатамыз. Мен өзім кәміл сенемін, осы өңірде болашақта кертарғыны көреміз деген жұртшылықтың ондай мүмкіндігі болады. Жалпы бұл осы өңірдің дамуына өз ықпалын тигізеді деп үміттенемін. Себебі қазір кертарғы келгелі, бұны біраз көбейткесін әрине, осы өңірде экологиялық туризмнің өзі дами бастайды.