1 мамыр - Қазақстан Халқы бірлігі күні. Мереке алғаш 1995 жылы бекітіліп, соңғы 30 жыл бойы ел халқының
тұтастығын айғақтап келеді. Халық бірлігі күнін мемлекеттік деңгейде бекітудің
өзіндік мәні бар. Қазақстанда бір шаңырақ астында 130-дан астам ұлттың өкілі
тұрады. Этникалық бейбітшілік пен келісім саясаты – мемлекеттің негізгі
басымдықтарының бірі. Осы мүддеге жылдар бойы қызмет атқарған Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа
Конституцияға сай трансформацияланып «Халық кеңесіне» айналады. Жаңа қоғамдық
институт заң шығаруға бастамашы болу құқығына ие болады, ал оның құрамына
барлық өңірлер мен этно-мәдени бірлестіктер өкілдері енеді.
Максим Рожин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
- Бүгінде біз жаңа конституция қабылдап, анағұрлым
жетілген жаңа жұмыс форматына көшуді көздеп отырмыз, себебі ассамблея саяси
салмаққа ие, жаңа орган - Халық Кеңесіне айналады. Сөзсіз, Халық Кеңесінде
Ассамблеяның жинақталған тәжірибесі ескеріледі. Тұтастай алғанда, мен бірлік
күнінде біздің бір қазақ шаңырағының астында бейбіт өмір сүріп жатқанымызды,
бұл қара шаңырақ Қазақстан халқын байланыстырушы басты элемент екенін ашық айту
керек деп ойлаймын.

