Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған шаралар басталды

Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған шаралар басталды

Биыл қазақстың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы. Айтулы датаға орай Абай облысында 500-ге жуық шара ұйымдастырылады деп күтілуде. Бүгінде олардың алғашқы легі Семейде басталып кетті. «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында «Абай әлемдік ойдың алыбы» және «Абай бейнелеу өнерінде» атты көрмелер ашылды. Мұнда ақынның 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған шығармаларының тұңғыш жинағы, Абайға қатысты музей қорындағы қолжазбалар, естеліктер, музыкалық аспаптар, фотосуреттер қойылған. Бұдан бөлек музейде кескіндеме, графика, кестелеу секілді техникамен жасалған  900-ден аса бейнелеу өнер туындысы сақтаулы тұр.  

Нұрсұлу Өмірбекова, Экспозиция және көрме ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі:

- Бұл көрмеде алғаш қойылып отырған Жарқынбаевтың жұмысы. Стринг арт технологиясымен жасалған Абайдың бейнесін жаңағы ағашқы шегені қағып отырып, жіппен бейнелеген стринг арт технологиясымен дайындалған жұмысы қойылып отыр.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?