Silk Way Star: Қатысушылар жобаның ұйымдастырылуын жоғары бағалады

Silk Way Star: Қатысушылар жобаның ұйымдастырылуын жоғары бағалады

«Silk Way Star» халықаралық жобасы қыза түсті. Алаңда тәулік бойы жүзден астам білікті маман жұмыс істейді. Өз ісінің хас шеберлері жүктелген міндетті тиянақты орындауға тырысып бағуда. Біреулері техникалық жағына, өзгелері қонақтарды орналастыру, оларды алып жүру және трансфер үшін жауап береді. Мега шоудың қатысушылары өз әсерлерімен бөлісті. Олардың ортақ пікірі сахна төрінде де жалпы оның сыртындағы ұйымдастыру деңгейі өте жоғары. Олардың сөзінше барлық үрдіс бүге-шүгесіне дейін ойластырылып қойылған. Сондықтан әртістер шоу Азия мен Еуразияның медиа кеңістігіндегі тамаша оқиғаға айналатынына сенімді.

Довран Шаммыев, Silk Way Star қатысушысы, Түрікменстан:

- Көліктен, костюмнен, сахнадан бастап аса ірі жобаның барлық  үрдісі тамаша ұйымдастырылған және жоспарланған. Бірінші эпизодтан көрген фотосуреттердің әрқайсысы бірегей қойылым болды. Сол себепті мен Қазақстан мен қытайлық серіктестер болашақта Еуропадағы «Евровидение» сияқты танымал болады деп үміттенетін. Бірегей телешоу жасау үшін үлкен жұмыс атқарылғаны көрініп тұр. Сондықтан осындай керемет ұйымдастыру үшін алғысым шексіз.  

Жобаға қатысушылар ел астанасының сұлу кейпіне де тәнті болды. Олар әсем шаһардың тарихи-мәдени нысандарын аралап көрді. 12 елдің күміскөмейлері мен жобаның қазылар алқасының мүшелері қазақтың жеті қазынасымен танысты. Әсіресе құмай тазы мен қыран бүркітке таңырқады.

Чжан Хэ Сюань, Silk Way Star қатысушысы, Қытай:

- Бүгін бүркітті шын өмірде көріп, қатты таңқалдым. Бұрын тек теледидардан көргенмін. Оларды баптап өсіру өте қиын ғой. Шынымен де, өте әдемі құс, мен үшін бүркіт ол күштің белгісі. Оған қоса, қазақтың ұлттық киімдері де көз тамсандырады. Домбыраның қоңыр үні құлақ құрышын қандырады.

Silk Way Star қатысушылары қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Silk Way Star жобасына  қатысушылар Конституция күніне орай тосын сый жасап, жергілікті қауымға әйгілі «Атамекен» әнін шырқады. Түркіменстан, Өзбекстан, Грузиядан келген өнерпаздардың қазақша айтқан әні көпке ұнады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?