Қазақстанның 11 ескерткіші ЮНЕСКО-ның тізіміне енбек. Мәдениет және ақпарат министрі мұның 2026-шы жылы жүзеге асатынын хабарлады. Аида Балаева биыл осы бағытта халықаралық ұйымның қарауына 2 номинациялық құжат жолданғанын жеткізді. Бұл ретте «Маңғыстау жерасты мешіттері» және Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерімен бірлесіп «Жібек жолы. Ферғана-Сырдария дәлізін» жаһандық деңгейде таныту көзделген. Сондай-ақ, таяуда «Салбурын» мен «Алпамыс батыр» бойынша құжаттар әзірленіп, ЮНЕСКО қарауына ұсынылған. Жалпы елімізде халықаралық ұйымның қағидаларына сәйкес, мәдени мұраны сақтау мен дамытудың Кешенді жоспары әзірленбек.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
- Бірінші
бағыт - Дүниежүзілік мәдени және табиғи
мұраны қорғау жөніндегі конвенцияға сәйкес, ЮНЕСКО қорғауындағы ескерткіштермен
кешенді жұмыс жүргізу. Екінші,
ЮНЕСКО конвенциясының қағидаттарына сәйкес, материалдық емес мәдени мұраны
немесе «жанды» мұраны сақтау және қолдау. Үшінші
бағыт – ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы аясында құжаттық мұраны
сақтау, оның қолжетімділігі мен танылуын қамтамасыз ету.

