Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру өтті

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру өтті

Бүгін Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру өтті. Ол қазақ армиясының күш-айбынын көрсеткен биылғы жылдың маңызды шараларының бірі. Әскери парад үш негізгі бөлімнен тұрды. Алғашқы кезеңде жаяу әскердің саптық шеруі болды. Онда еліміздің әр түкпірінен жиналған әскери бөлімшелер бой түзей өтіп, ел қорғаныс қуатының айқын бейнесін көрсетті. Екінші бөлімде көрермендер механикаландырылған колонналар көрді. Яғни, тарихи және заманауи әскери техникалар келушілер назарына ұсынылды. Ал шерудің шарықтау шегі әскери авиацияға арналды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Даңқты ұл-қыздарымыз ерліктің озық үлгісін көрсетті. Қазақтың жаужүрек ұлт екенін паш етті. 500-ден астам жауынгеріміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Тыл еңбеккерлері соғыс жылдары жанкештілік пен табандылық танытты. Қазақстаннан майданға бір жарым мың вагон киім-кешек пен азық-түлік жіберілді. Елімізге жүздеген кәсіпорын көшірілді, көптеген жаңа өндіріс салынды. Соғыстағы он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды.  

Жеңістің 80 жылдығын атап өту мақсатында Қазақстан бойынша мыңдаған маңызды, ауқымы кең іс-шара өткізіліп жатыр. 500-ге жуық көшеге Қазақстан қаһармандарының есімі берілмек. Елімізде қазақстандық майдангерлерге арналған «Батырларға тағзым» атты шеру өтеді. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғысқа қатысушылардың ұрпағы аталарының суреттерін көшелермен алып жүрмек.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Қазіргі құбылмалы заманда Қазақстан үшін ең басты мақсат – ұлт мүддесін қорғау. Сыртқы саясатымыз осы мақсатты қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатыр. Қазақ халқы – бейбіт халық. «Жаным – арымның садағасы» деген өр намысты, айбарлы ел. 

Қазақстанның айбынды армиясы – Тәуелсіздігіміздің қорғаны. Осылай деген Президент жауынгерлеріміз Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясына ойдағыдай қатысып, бүкіл әлемдегі Қазақстан армиясына деген зор сенім барын айтты. Парадқа Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылар, Қазақстан Қарулы күштерінің үздік бөлімшелері, Құрмет қарауылы ротасы, Қарулы күштер мен басқа да әскер және құқық қорғау органдарының ардагерлері келді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?