Астананың қоғамдық көліктерінде Абайдың әндері шырқалды

Астананың қоғамдық көліктерінде Абайдың әндері шырқалды

Астананың қоғамдық көліктерінде Абайдың әндері шырқалды. «Әжелер шаңырақ» ансамблі қазақстың ұлы ақыны, ойшыл-философының 180 жылдық мерейтойы қарсында ерекше челлендж ұйымдастырды. Ансамбль солистерінің сахнасы №10 қоғамдық көлігі. Акцияға қатысушылар Республика көшесімен әуежай бағытына қарай жүріп өтіп, Абай өлеңдері мен әндерін орындап, жолаушыларды қуантты.

Күләш Қосбармақова, «Әжелер шаңырақ» ансамблінің жетекшісі:

- Ұлы Абай шығармашылығының, оның мұрасының дәріптелуі болашақ ұрпақ үшін қажет. Бұл бала бақшадан бастап, мектептен, жоғары оқу орнынан, мекемелерде жұмыс істейтін жастарға дейін Абай әндерін біліп, тыңдап, жаттап алып ұрпақтан ұрпаққа таратуы тиіс.

Қоғамдық көлік жолаушылары - Астана тұрғындары мен қонақтары - челленджді лайықты бағалады.

- Жақсы, көңілді, ұнап жатыр. Абайдың шығармаларын қолдап жатқаны жақсы.

- Елімізде осындай ұлы тұлғалар болғаны үшін және оның мұрасын ұлықтайтын ұрпақты көргенде кеудемді мақтаныш кернейді.

- Қандай эмоция сыйлайды. Негізі біздің әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді осыны жастарға дәрептеп, осындай әнге құмарлатып, ол керемет бір дүние ғой.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?