Silk Way Star байқауының қатысушылары қазақтың халық әндерін орындады

Silk Way Star байқауының қатысушылары қазақтың халық әндерін орындады

Демалыс күндері Silk Way Star байқауының кезекті кезеңі аяқталды. Бұл жолы өнерпаздар қазақтың халық әндерін орындады. Нәтижесінде моңғол әншісі Мишель Джозеф пен малайзиялық Язмин Азиз тең ұпай жинап, үздік атанды. Бірі «Қараторғайды» орындаса, екіншісі «Сүгірдің термесін» шырқап, көрерменді тәнті еткен. Жалпы 7 кезеңнің қорытындысы бойынша моңғолиялық Мишель Джозеф көш басында. Ал ең аз ұпай жинаған Қырғызстан өнерпазы Тамға байқаудан шықты.

Тамға, Silk Way Star қатысушысы /Қырзғызстан/:

- Мен өзімді шынымен сынап көрдім, бағдарламадан да, өзімнен де күткенімді алдым. Өзіме көңілім толады, жалпы болашақта үлкен жетістіктерге жетемін деп ойлаймын. Сондықтан бұл мен үшін трамплин емес, өзімді басқа қырынан көру, жаңа адамдармен танысу үшін өткізілген бір сынақ сияқты. Әрине, бұл қазақ жобасы, сондықтан Қазақстанды қолдау да мен үшін маңызды болды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?