Астана жанында археологиялық жәдігер табылды

Астана жанында археологиялық жәдігер табылды

Ақмола облысында жұмбақ жәдігер табылды. Тас бетіне адамның жүзі қашалған бұл ерекше мүсін сынығын өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тапқан. Құтқарушылар дереу археологтарды оқиға орнына шақырды. Мамандардың сөзінше, бұл бұйымның нақты қай дәуірге жататынын бірден анықтау оңайға соқпайды. Біреулер, тас қола дәуірінде қашалған десе, енді біреулер одан әлдеқайда кеш Түркі қағанаты кезеңіне тиесілі екеніне сенімді. Осы сұраққа жауап табу үшін терең зерттеу қажет. Қазіргі уақытта құнды жәдігер қорғауға алынды.

 

Әсет Жанғожин, Ақмола облысы, Сандықтау ауданының ТЖ бөлімінің бастығы:

 

– Төтенше жағдай департаменті басшылығына бірден хабар бердік. Қазір археологтар келіп, алдын ала жұмыс жүргізіп жатыр. Десе де, біз аса құнды тарихи жәдігер тапқанымыз қазірдің өзінде белгілі деп ойлаймын. Өз негізгі жұмысымызды атқару үстінде, халқымыздың тарихын зерттеуге септігін тигізетін ерекше мұраны тапқанымызға аса қуаныштымыз.

 

Сергей Ярыгин, PHD докторы, Ә. Марғұлан атындағы институттың ғылыми қызметкері:

- Қола дәуіріне тиесілі мұндай бейнелер көбіне Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның аумағында кезігеді. Бұған ұқсас бірқатар жәдігер ерте темір дәуірінен ғұн-сармат кезеңіне дейін жиі табылатын. Әрине түркі мәдениетінің мүсіндері кеңге танымал. Олар орта ғасырлық дәуірде Еуразия даласын жайлады. Жаңа дәуірде жататын түрлі кезеңдерде жұрнақтарын кезіктіріп жатырмыз. Бүл бүгінге дейін анықталған екінші бірегей нысан. Ең алғаш рет Бурабай аумағында анықталған еді.