Қазақстанда алғаш рет жасанды интеллект көмегімен
әзірленген киноның халықаралық фестивалі өтеді. Өтінімдерді қабылдау мамырда басталып,
тамыздың соңына дейін жалғасады. Astana AI Film Festival өз сегментіндегі
әлемдік алаңдардың біріне айналмақ. Іс-шараның басты оқиғасы халықаралық қысқа
метражды AI-фильмдер байқауы болады. Оған жер жүзінен барлық авторлар қатыса
алады. Шарт бойынша ұсынылған жұмыстың хронометражы 10 минуттан аспауы тиіс. Ауқымды
шара диджитал-креаторларды ғана емес, технологиялық компаниялар, инвесторлар
мен сарапшылардың басын қосады. Кинокөрсетілімнен бөлек бағдарламада AI-контент
бойынша конференциялар және контент жасаушыларға арналған питч-сессиялар
жоспарланған. Байқаудың жүлде қоры 1 млн доллар. Жоба креативті индустриядағы
жаңа форматтар мен авторлар үшін жыл сайынғы халықаралық тұғырнамаға айналуы
тиіс.
Алмас Жәли, Astana Ai
Film Festival 2026 ұйымдастырушысы:
- Фильм болсын,
актерлар, музыка, киномотография, анимация барлығы сол жасанды интеллектің
платформасында жасалуы керек. Ол бастысы, и біздің заңымыз бойынша насилие, қан
жаман сөз сондайдың барлығы, өте маңызды шектеледі. Одан басқалары қалған
креативті идея біз оны қабылдаймыз. Жюридің біреуі сол жасанды интеллектің өзі
болады. Ол автоматты түрде біз контентті қабылдаған кезде қай музыка
қолданылған, қай актердың келбеті қолданылған, немесе идеясы соның барлығын
бізге анықтап береді.

