Қазақстан Президентінің Телерадиокешені мен Anadolu түрік мемлекеттік ақпарат агенттігі медиа серіктестік саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Ынтымақтастық туралы келісімге Анкарада қол қойылды. Тараптар жаңалықтар контентін 4 тілде - қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жаңалық алмасуға, оны өз платформаларында бейімдеу және жариялау құқығын пайдалана отырып, кәсіби байланыстарды дамытуға, журналистерді тағылымдамадан өткізу мен оқытуға уағдаласты.

