Silk Way Star халықаралық вокалдық байқауының көкжиегі кеңейіп келеді. Музыкалық жобаның әнұраны Қытайдың Чунцинь қаласында өткен V медиа-инновациялар форумында шырқалды.
Жиын алаңында жаңа компазицияны байқаудың екінші маусымында Қазақстан
атынан сынға түсетін Рухия Байдүкенова мен бірінші маусымының финалисі,
қытайлық әнші Чжан Хэ Сюань орындады. Туындының авторы - қазақстандық
композитор Хамит Шанғалиев. Форумға қатысушылардың айтуынша, бұл жарқын оқиға Қазақстанның Жібек жолы
кеңістігіндегі халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамытудағы рөлін айшықтайды. Айта
кетейік, халықаралық байқау - Қазақстан Республикасы Президентінің
Телерадиокешені мен аспан асты елінің China Media Group медиакорпорациясы бірлесіп
ұйымдастырған ауқымды жоба. Өнер додасының Гранд-финалы алғаш рет былтыр
Астанада өтті. Ол бірнеше елде тікелей эфирден көрсетілді. Жалпы, бірегей
жобаны 43 мемлекетте 143 млн астам адам тамашалады.

